Әбүлфәз ‎Елчибәй (1938-‎‎2000)‎


Әзірбайжан саяси және мемлекет қайраткері. Совет Одағы кезеңінің диссиденті. 1992-1993-ші жылдарда Әзірбайжан республикасының президенті болған. Көшбасшы болған кездері орыс әскерінің Әзірбайжаннан шығарылуы үшін және Каспи  әскери-теңіз флотының бір бөлігінің Әзірбайжанға берілуіне себеп болған. Таулық Қарабақ қақтығысында бірнеше шайқасты ұтқаныменкейінірек, әскери-саяси кризис нәтижесінде үстемдігі әлсіреген. 4-ші маусым 1993-ші жылда Әзірбайжанның Гәнжә қаласында бастаған көтерілісте

Бакуді тастап кетпестен бұрын 9-шы шілде 1993-ші жылда Әзірбайжанның Нахчыван аймағының басшысы, совет кезеңінде Әзірбайжанға басшылық еткен және ОК Компартия және СССР Саяси бюросының мүшесі болған Һейдар Әлиевті үстемдікке шақырған. Үстемдікке келген Һейдәр Әлиев өлкедегі жағдайды тынышталдырған. 1997-ші жылда қайтадан Бакуге оралған Елчибәй «Әзірбайжан Халық –Фронты» паритясының басшысы болып Әзірбайжан президенті Һейдәр Әлиевке қарсы оппозиция жұмыстарын жүргізген. 22-ші тамыз 2000-ші жылда Түркияның Анкара қаласындағы Гүльхана әскери-медициналық госпиталда ауруынан дүниеден өтті. Бакудегі  құрметті қиябанда жерленген.  Соң сапарға шығарып салу мемлекет тарапынан ұйымдастырылған және Әзірбайжан президенті Һейдәр Әлиев салтанатты жиынға қатысқан.